+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

ҚПЛ: «Қайрат» қатарынан төртінші мәрте жеңіске жетті

2019 жылғы 16 маусым 19:17
Бөлісіңіз:
ҚПЛ: «Қайрат» қатарынан төртінші мәрте жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 14-тур ойындары одан әрі жалғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын кеше Қостанайдың «Тобыл» командасы «Ақтөбені» 1:0 есебімен басым түскенін хабарлаған едік.

Қазір Көкшетауда жергілікті «Оқжетпес» пен Алматының «Қайрат» командасының ойыны мәресіне жетті. Бұл кездесуде алматылық клуб бірінші кезеңде есеп ашты. Ойынның 9-минутында «Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан өз командасын алға шығарды. Ал 75-минутта Адеринсола Эсеола есепті ұлғайта түсті. Ол биылғы біріншіліктегі 11 голын соғып, сұрмергендер көшін бастап тұр. Оған 89-минутта «Оқжетпес» сапынан Санат Жұмаханов бір голмен жауап берді. Ойында алматылық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті. Айта кетерлігі, соңғы төрт кездесуде «Қайрат» қатарынан жеңіске жетіп келеді. Нәтижесінде дәл қазір турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.

Дәл қазір «Тараз» бен «Ертіс» командалары арасындағы кездесудің нәтижесі белгілі болды. Екі команда да биылғы доп додасын сүреңсіз өткізіп келеді. Қазір олар турнир кестесінде 9 және 10 орында тұр. Бүгінгі кездесуде олардың бірінің ұпайды молайтуға мүмкіндігі болған жоқ. Нәтижесінде екі команда 0:0 есебімен тең нәтижеге қанағат білдірді.

Сондай-ақ, қазір Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» мен Шымкенттің «Ордабасы» командалары арасындағы кездесудің бірінші кезеңі аяқталды. Бірінші кезеңде шымкенттіктер қатарынан Жоау Паоло 15-минутта гол соқса, оған алаң иелері сапынан 22-минутта Камо Оганесян бір голмен жауап қайырды. Осылайша бірінші кезең 1:1 есебімен тең аяқталды.

Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 19.00-де тағы екі ойын басталады. Елордада жергілікті «Астана» Қызылорданың «Қайсар», Қарағандыда «Шахтер» «Атырау» командаларын қабылдайды.

Енді 15-тур ойындары 23 маусым күні өткізіледі. Онда «Атырау» мен «Ақтөбе», «Ертіс» пен «Шахтер», «Қайрат» пен «Жетісу», «Қайсар» мен «Тараз», «Ордабасы» мен «Астана», «Тобыл» мен «Оқжетпес» командалары кездеседі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT