+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

ҚПЛ: «Қайрат» екінші ойын қатарынан жеңіске жетті

2019 жылғы 26 мамыр 21:44
Бөлісіңіз:
ҚПЛ:  «Қайрат» екінші ойын қатарынан жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елімізде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 12-тур ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын үш ойынның нәтижесін хабарлаған едік https://www.inform.kz/kz/kpl-astana-tagy-da-upay-zhogaltty_a3530647. Елордалық «Астана» сырт алаңда Көкшетаудың «Оқжетпесін» командасымен 1:1 есебімен тең түсті. Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда «Таразды», Талдықорғанның «Жетісуы» өз алаңында Қызылорданың «Қайсарын» 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ, тағы екі кездесудің нәтижесі белгілі болды. Нұр-Сұлтанда Қарағандының «Шахтері» Алматының «Қайратын» қабылдады. Кездесуде қарағандылық клуб алматылық футболшылардан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Есепті алғаш болып «Шахтер» ойыншысы Доньет Шкодра соққанымен оған 73 және 79-минутта «Қайрат» шабуылшысы Адеринсола Эсеола қос голмен жауап қайырды. Осылайша «Қайрат» екінші ойын қатарынан жеңіске жетіп отыр. Одан бұрын алматылық клуб үш ойын қатарынан қарсыластарына есе жіберіп қойған болатын.

Павлодарда «Ертіс» «Атырау» командасын қабылдады. Аталмыш кездесуде 75-минутта павлодарлық Рафхат Аслан соққан жалғыз гол кездесу тағдырын шешті. Ойында «Ертіс» 1:0 есебімен жеңді.

Аталмыш турды Ақтөбедегі жергілікті «Ақтөбе» және Шымкенттің «Ордабасы» командалары арасындағы кездесу аяқтайды. Бұл ойында Нұр-Сұлтан уақытымен 20.00-де басталады.

Енді 13-тур ойындары 31 мамыр күні ойналады. Бұл күні «Астана» мен «Жетісу», «Атырау» мен «Тараз», «Қайрат» пен «Ақтөбе», «Қайсар» мен «Ертіс», «Ордабасы» мен «Оқжетпес», «Тобыл» мен «Шахтер» командалары кездеседі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT