+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

ҚПЛ: «Қайрат» «Астанадан» тоғыз ұпайға ұзап кетті

2020 жылғы 21 қыркүйек 19:01
Бөлісіңіз:
ҚПЛ: «Қайрат» «Астанадан» тоғыз ұпайға ұзап кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының тоғызыншы туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысы әкімінің футболшыларды алдап кеткені рас па Футболдан Еуропа чемпионатының форматы наурыз айында белгілі болады - УЕФА

Аталған турдағы соңғы ойын Петропавлдың «Қызылжар» және Алматының «Қайрат» командалары арасында өтті. Кездесу тағдырын шешкен гол 27-минутта соғылды. Оны «Қайрат» шабуылшысы Абат Айымбетов өзінің еншісіне жазды.

Шабуылшы биылғы доп додасындағы бесінші голын соқты. Кездесуде «Қайрат» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Осылайша алматылық клуб алтыншы ойын қатарынан жеңіске жетіп отыр. Қазір олардың еншісінде 24 ұпай бар. Екінші орындағы «Астанадан» бес ұпайға ұзап кетті.

Бұл турдағы өзге ойындарда «Оқжетпес» пен «Каспий» 2:2, «Ордабасы» мен «Қайсар», «Астана» мен «Шахтер» 1:1 есебімен тең түссе, «Жетісу» «Таразды» 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Енді оныншы тур ойындары 22, 23, 24 қыркүйек күндері өткізіледі.

«Тобыл» мен «Оқжетпес» 22 қыркүйекте өткізілсе, 23 қыркүйекте «Каспий» мен «Тараз», 24 қыркүйекте «Жетісу» мен «Шахтер», «Ордабасы» мен «Қызылжар», «Қайсар» мен «Астана» командалары кездеседі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT