+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

ҚПЛ: «Астана» жеңіп, «Қайрат» қарсыласына есе жіберді

2019 жылғы 25 тамыз 22:21
Бөлісіңіз:
ҚПЛ: «Астана» жеңіп, «Қайрат» қарсыласына есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 24-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Еуропа лигасы: Бірінші кезеңде «Астана» «Манчестер Юнайтедпен» тең түсті Еуропа лигасы: «Астананың» «Манчестер Юнайтедке» қарсы құрамы белгілі болды Футболдан Чемпиондар лигасы: Бірінші тур нәтижелері белгілі болды

Кеше аталмыш турдағы екі ойын өтті. Шымкентте «Ордабасы» Қарағандының «Шахтерінен» 3:2, Қостанайда «Тобыл» «Атыраудан» 2:0 есебімен басым түсті.

Бүгінгі ойындар Қызылордада «Қайсар» мен Талдықорғанның «Жетісу» командалары арасында өтті. Екеуі де турнир кестесінде қатарлас келеді. Сондықтан жанкүйерлер бұл кездесуден тартысты ойын күткені анық. Дегенмен алаң иелері өз жанкүйерлерін тағы да қуанта алған жоқ. Қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберді. Голдарды «Жетісу» сапынан 22-минутта Ненад Адамович, 79-минутта Мантас Куклис соқты. «Қайсар» ө алаңындағы соңғы бес ойында жеңіске жете алмай келеді. Ал «Жетісу» қатарынан бес кездесуде қарсыластарын қапы қалдырды.

Елордада «Астана» турнир кестесінде соңғы орындарда келе жатқан «Тараз» командасын қабылдады. Бұл кездесуде елордалықтар сапынан Рангело Янга 18-минутта есеп ашты. Одан кейін Дидар Жалмұқан 57-минутта есепті ұлғайтса, 59-минутта Роман Мұртазаев тағы бір гол соқты. Ал 76-минутта Марин Томасов есепті ұлғайтса, қорытынды есепті 83-минутта Дидар Жалмұқан белгіледі. Осылайша «Астана» 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Көш соңында келе жатқан «Ақтөбе» бұл жолы қарсыласымен тең түсті. Ақтөбелік клуб бүгін өз алаңында Павлодардың «Ертіс» командасын қабылдаған еді. Ойын барысында «Ертіс» сапынан Марко Станоевич 63-минутта есеп ашса, 85-минутта «Ақтөбе» шабуылшысы Абат Айымбетов таразы басын теңестірді. Осылайша ойында 1:1 есебі тіркелді. Бұдан бұрын «Ақтөбе» төрт мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан еді.

Алматының «Қайраты» өз аалңында Көкшетаудың «Оқжетпес» командасынан жеңіліп қалды. Бұл кездесуде көкшетаулық команда сапынан 7-минутта Дарко Зорич гол осққан еді. Бұл гол «Оқжетпес» командасына жеңіс сыйлады. Олар «Қайраттан» 1:0 есебімен басым түсті.

Ал 25-тур ойындары 31 тамыз күні өткізіледі. Аталмыш турда «Атырау» мен «Ертіс», «Жетісу» мен «Ордабасы», «Қайсар» мен «Ақтөбе», «Тараз» бен «Тобыл», «Шахтер» мен «Қайрат» командалары ойнайды. Осы турдағы «Астана» мен «Оқжетпес» командалары арасындағы кездесу елордалық клубтың Еуропа лигасындағы ойынына байланысты 1 қыркүйектен кейінге қалдырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT