ҚПЛ: «Астана» тағы да ұпай жоғалтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елімізде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 12-тур ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәл қазір екі кездесу аяқталды. Елордалық «Астана» сырт алаңда Көкшетаудың «Оқжетпесін» командасымен кездесті. Бұл кездесуде «Астана» алғаш есеп ашқан еді. Оны 44-минутта Роман Мұртазаев орындады. Дегенмен 90-минутта Милан Стоянович таразы басын етңестіріп кетті. Нәтижесінде кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Айта кетерлігі, соңғы екі турда «Астана» небәрі бір ғана ұпай жинады.

Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда «Таразды» 1:0 есебімен тізе бүктірді. «Тобыл» сапынан 80-минутта Артем Шеротов жеңіс голын соқты.

Дәл қазір Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» мен Қызылорданың «Қайсар» командалары арасындағы кездесу мәресіне жетті. Аталмыш кездесуде алаң иелері 1:0 есебімен басым түсті. Голды 52-минутта талдықорғандық Камо Оганесян соқты.

Осы уақытта Павлодарда «Ертіс» пен «Атырау», Қарағандыда «Шахтер» мен Алматының «Қайрат» командалары арасындағы кездесудің екінші кезеңі өтіп жатыр. Алғашқы ойында әзірге есеп ашылған жоқ, екіншісінде қарағандылықтар 1:0 есебімен жеңіп жатыр.

Аталмыш турды Ақтөбедегі жергілікті «Ақтөбе» және Шымкенттің «Ордабасы» командалары арасындағы кездесу аяқтайды. Бұл ойында Нұр-Сұлтан уақытымен 20.00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар