ҚПЛ: «Астана» қатарынан үшінші мәрте жеңілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 19-турында елордалық «Астана» қарағандылық «Шахтерден» жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ойында қарағандылық команда 3:1 есебімен жеңіске жетті. Ойынның 7-минутында «Шахтер» сапынан Руслан Мингазов есеп ашты. Ал қарағандылық футболшы Сергей Зенев 24-минутта есепті үстемелей түсті. Қарағандылық Еркін Тапалов 69-минутта мергендігімен көзге түсті. «Астана» сапынан 90 минутта Дидар Жалмұқан есеп айырмасын қысқартты.

Бүгін аталған турдағы «Ордабасы» мен «Қайсар», «Жетісу» мен «Тараз» командалары кездесуде. Бірінші кезеңнен кейін «Ордабасы» мен «Қайсар» 0:0 есебімен тең ойнаса, «Тараз» «Жетісудан» 1:0 есебімен басым болды.

Сондай-ақ, бүгін «Қайрат» пен «Қызылжар», «Каспий» пен «Оқжетпес» командалары шеберлік байқасады.



Соңғы жаңалықтар