ҚПЛ: Алғашқы екі ойында «Жетісу» мен «Қайсар» жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 22-туры аясында екі ойын өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл тур Көкшетау қаласында басталды. Жергілікті «Оқжетпес» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» командасын қабылдады. Ойын тағдырын жалғыз доп шешті. Оны 4-минутта талдықорғандық шабуылшы Мартин Тошев өзінің еншісіне жазды. Бұдан кейін қос команда есепті өзгертуге тырысты. Таблодағы есеп сол күйінше қалды. «Жетісу» сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды.
Тағы бір ойын Атырау қаласында өтті. Жергілікті «Атырау» Қызылорданың «Қайсар» командасымен шеберлік байқасты. Бұл кездесуде «Қайсар» Арменияның жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян өзін жақсы қырынан көрсетті. Ол 31-минутта пенальти орындаса, 45-минутта тағы бір мәрте қақпаны дәл көздеді. Бірінші кезеңде «Атырау» сапынан Иван Антипов бір голмен ажуап қайырған еді. Тигран Барсегян екінші кезеңнің 52-минутында тағы бір мәрте қанжығасын майлады. Кездесуде «Қайсар» 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Аталмыш турдағы қалған төрт ойын 11 тамызда өтеді. Бұл күні «Ақтөбе» мен «Астана», «Ертіс» пен «Тобыл», «Тараз» бен «Қайрат», «Шахтер» мен «Ордабасы» командалары кездеседі.
- ҚР Бокс федерациясы биылғы жылдың үздіктерін анықтады
- Гандболдан Әлем чемпионаты: Қазақстан командасы Қытайды жеңді
- Атырауда жеңіл көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі ажал құшты
- KWU киокушинкайдан ӘЧ: Қазақстандық каратешілер үш алтын медаль иеленді
-
Бес қазақстандық спортшы KWU киокушинкайдан ӘЧ финалына өтті
-
Допты хоккей: «Ақжайық» алғашқы жеңісіне қол жеткізді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам