Көзіне шөп салған әйелін аңдығаны үшін 15 жылға сотталуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 37 жастағы АҚШ азаматы Шон Донис өзінің жұбайы Нэнсиден күдіктеніп, әйелінің жүріп-тұрысын аңдып отыру үшін смартфон қолданған. Шонның күдігі рас болып шығады. Нэнси өзінің бастығымен күйеуінің көзіне шөп салады. Енді еркек жұбайын заңсыз аңдығаны үшін сотталуы мүмкін, деп жазады The Sun.

Шон The Sun басылымына берген сұхбатында жұбайының опасыздығына және ажырасудан кейінгі сәтсіздікке қатты қайғыратынын жеткізген. Оның өзі аз болғандай, енді оған бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр. «Мен екі рет жазаланғандай сезініп жатырмын» депті ол.

Шон жұбайын аңду үшін Find My iPhone бағдарламасын қолданған. Соның нәтижесінде ол Нэнсидің опасыздығы дәлелденген 2 қысқа видео түсіріп алған. Оның жұбайы ажырасуға өтініш беріп, биыл ақпан айында алтыжылдық неке бұзылған. Кейін анықталғандай, Нэнси тек ажырасумен шектеліп қана қоймаған.

20 шілде күні Шон Донис соттан қағаз алған. Ол заңсыз түрде аңдып, біреудің жеке өміріне қол сұққаны үшін айыпталып отыр. Алданған күйеудің соты 20 қыркүйек күні өтеді, америкалық азамат 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алайда, оның адвокаты Говард Гринберг Шонның толықтай ақталатынына сенімді.  

Соңғы жаңалықтар