Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасы абаттандырылады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасы абаттандырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы халықаралық мәдени байланыстарды сақтау және дамыту бағытында екі маңызды мәдени оқиға өтті.

«Бұл іс-шаралар арқылы Түркістан облысының әлемдік деңгейде мәдени дамуын, халықаралық туризмді дамыту мен сақтау және Ұлы Жібек жолының дәстүрлі қолөнерін жандандыру көзделген. Іс-шара арқылы «Бір белдеу – Бір жол» халықаралық жобасын іс жүзінде жүзеге асыру жоспарланған. Қазақстан делегациясын еліміздің Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова және Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастап барды. Дүниежүзілік мұра мәселелері жөніндегі ЮНЕСКО отырысында Қ. А.Ясауи кесенесінің айналасындағы аумақты абаттандыру бойынша шешім қабылданды» делінген хабарламада.

Яғни, 4 шілдеде Баку қаласында Түркістан облысының делегациясы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра комитетінің 43-сессиясында маңызды келісімдерге қол жеткізді. Сессияда Қ. А.Ясауи кесенесі аумағындағы құрылыс объектілерінің дүниежүзілік мұраға әсерін бағалау мәселелері де қаралған болатын.

Соңғы жаңалықтар