USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағында дрон ұшыруға тыйым салынды

2021 жылғы 4 желтоқсан 17:48
Бөлісіңіз:
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағында дрон ұшыруға тыйым салынды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның айналасында дрон аппараты арқылы фото, видеоны рұқсатсыз түсіруге тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында қар құрсауында қалған 26 жолаушы құтқарылды Тоқаев: Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады ҚР Президенті Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы еліміздегі әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы № 706 бұйрығына сәйкес «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағында дрон аппаратын рұқсатсыз ұшыруға болмайды.

«Бұл шешім халық көп шоғырланатын аймақтың қауіпсіздігі және тарихи ескерткіштерді қорғау мақсатында жүзеге асып отыр», - дейді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз хатшысы Мадина Жұмабайқызы.

Пилотсыз ұшу аппаратын күзетілетін объектілердің үстінен ұшыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Мемлекеттік күзет қызметімен кемінде 5 жұмыс күні бұрын мақұлдануы тиіс.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қайрат Зайнишев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT