Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ- Түрік университетінің студенттері Түркияның Йозгат қаласының губернаторымен кездесті

None
None
ЫСТАМБҰЛ. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ- Түрік университетінің студенттері Түркияның Йозгат қаласының губернаторымен кездесті.

Түркиядағы Халықаралық шетел студенттері бағдарламасы аясында Боздақ университетінің халықаралық қатынастар басқармасы мен Тіл үйрету және тәжірибе орталығының ұйымдастыруымен, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің физиология факультетінің студенттері Йозгат қаласының губернаторы Неджати Шентүрктің қабылдауында болды.

Жүздесу барысында Йозгат қаласынының губернаторы қазақстандық студенттерге Түркияның тарихы және тілі жөнінде кеңінен әңгімелеп берді.

Ағымдағы жылы шілденің 15-і мен тамыздың 10-ы аралығында түрік тіл білімін жетілдіру мақсатында шетел студенттері Түркияның Йозгат қаласында болған «Түрік тілі және түрік мәдениеті» семинарына қатысты.

Сонымен қатар олар ұлттық қолөнер кәсібін үйреніп, өзара тәжірибе алмасты.

Соңғы жаңалықтар