Қозғалтқышы істен шыққан түрік ұшағы Атырауға қонды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Новосібірден Анталияға бет алған «Пегасус» түрік әуе компаниясының Боинг-737 ұшағы апатты жағдайда Атырау әуежайына қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттің хабарлауынша, түрік ұшағының қозғалтқышы істен шыққан.

«Бүгін сағат 10:03-те Новосібір-Анталия бағытындағы «Пегасус» түрік әуе компаниясының Боинг-737 әуе кемесінің қозғалтқышы істен шықты деген хабар келіп түсті. Экипаж Атырау қаласына апатты жағдайда қону туралы шешім қабылдаған. 10:20-да ұшақ жерге қонды. Бортта 190 жолаушы және 6 экипаж мүшесі болған», - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.

Соңғы жаңалықтар