Қозғалтқыш көлемі 3 литрден асатын көліктерге салықты көбейту кейінге қалдырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда қозғалтқышының көлемі 3 литрден асатын көліктерге қосымша салық салынбақ. Осыған байланысты ҚР Ұлттық экономика министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық экономика министрлігі жанындағы жұмыс тобында бұдан бұрын қозғалтқышы 3000 текше сантиметрден асатын жаңа көліктер импортына акциздерді ұлғайту мәселесі талқыланды. Жұмыс тобының шешімімен бұл мәселе әрі қарай зерттеуге қалдырылды», - деп хабарлады ҚР ҰЭМ.

Еске салайық, бұдан бұрын ведомствоға қарасты жұмыс тобы қозғалтқыш көлемі 3 литрден асатын жаңа көліктер импортына акциздерді өсіру мәселесін көтерген еді.

Биыл 20 мамырда ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы тұжырымдамасын Ашық НҚА порталына талқылауға шығарды.

Жария талқылау осы жылдың 3 маусымына дейін аяқталуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар