Көзбояушылықты қою керек - Қасым-Жомарт Тоқаев

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарламаны даярлау кезінде алдыңғы бағдарламалардың қателігін ескеруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бос әуреленіп, көзбояушылықпен айналыспауымыз керек. Жаңа мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарлама даярлау кезінде алдыңғы бағдарламалардың қателігін ескерген абзал. Жеңістеріміз жайлы есептің қажеті жоқ. Шынайы талдау мен тиімді әрекеттер керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Президент сонымен қатар, Үкімет пен Парламент депутаттарының, облыс әкімдерінің міндеті – Елбасының ұзақ мерзімді Стратегиясы, Ұлт жоспары мен Бес институционалдық реформаны толыққанды жүзеге асыру екенін еске салды.

«Тек сонда ғана тегеуріндер мен қиындықтарды еңсере аламыз», - деді ол.

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ақмола облысында жүр.

Соңғы жаңалықтар