Қоймадағы өрт Алматы ауасын ластады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Казгидромет» РМК Алматыдағы қойманың өртенуінен соң жоспардан тыс тексеру жүргізді. Аталған аймақта атмосфералық ауа сынамасы алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл тексеруді «Казгидромет» РМК мен Алматы Экология департаменті ұйымдастырды.

№1 нүктеде (Омаров, 12В/2) алынған сынамада азот диоксиді 1,75 шекті ықтимал концентрат, фенол – 1,0 шекті ықтимал концентрат, ал №2 нүктеде (Паладин көшесі, 56Б) азот диоксиді 2,65 шекті ықтимал концентрат көтерілген.

Шамадан тыс ластану ауада байқалмады.

Сонымен қатар, 18 шілдеде 16 мониторинг постындағы мәліметке сенсек, таңғы 07:00-де азот диоксиді 1,4 ШЫК көтерілген. Басқа посттарда қалыпты нормадан тыс көрсеткіш байқалмады.

Айта кету керек, 18 шілдеде Омаров көшесінде бояу заттары сақталған қойма өртенген болатын.


Соңғы жаңалықтар