Қойды қолдан ұрықтандырудың артықшылығы қандай

None
None
  ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Елімізде жылына орта есеппен 500 қой лапароскопиялық әдіспен ұрықтандырылады. Бұл әдістің тиімділігі сол, ұрық тура саулықтың жатырына салынады. Жалпы қой қалай ұрықтандырылады? Әдіс қалай жасалынады? Ғылыми жолмен төлді көбейтудің тиімділігі қандай? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын қой шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Нұрлан Малмақов ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

Нұрлан Малмақовтың сөзінше, елімізде мұндай ұрықтандыруды жасайтын екі маман ғана бар екен. Оның біреуі - Малмақовтың өзі.

«Асыл тұқымды қой өсіретін шаруалар көбінде осы әдісті қолданады. Мысалы, жаңа ғана қошқардан алынған ұрықпен 100 саулықты ұрықтандырсаңыз, 80-90 бас туады. Ал мұздатылған ұрық болса, одан 40-50 процентке оң нәтиже береді. Лапароскопиялық әдістің жағымды тұсы - қошқардың ұрығын үнемдеп қолданамыз. Мәселен, сервикалды ұрықтандыруға 100 млн ұрық керек болса, ал лапароскопиялық ұрықтандыруға 20 млн ұрық қажет. Яғни, бес есе көп малды ұрықтандыруға болады», - деді  Н. Малмақов.
null  

Сондай-ақ, маман осы әдіспен, яғни ғылыми жолмен қой ұрықтандырғанда, ұрық тура қойдың жатырына салынатынын айтады. Тіпті егіз саулықты да салуға мүмкіндік бар екен. Ал әр қойды жасанды жолмен ұрықтандыруға 3-4 минут уақыт жұмсалады.

«Ұрықтандыру үшін саулықтың емшегінің жанынан тесік жасаймыз, сол тесік арқылы қойдың ішіне жел жібереміз. Қойдың аяғын жоғары, басын төмен қойып жатқызамыз. Ал газ үрлеген кезде саулықтың  асқазан, ішек-қарыны төмен түсіп, жатыры ашылады. Лапароскопияны қойдың ішіне кіргізіп, қойдың жатырын тапқаннан кейін, ол жерге арнайы құралмен ұрықты жібереміз. Қойдың егіз төл тууы оның генетикасына, тұқымына, жай-күйіне байланысты. Жақсы, семіз қой болса, нәтижесі де жақсы болады», - дейді қой шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері.
null  

Ал қойдың ішіне ұрықты салу үшін жасалатын тесіктің көлемі өте кішкентай болғандықтан, процесс жасалып біткеннен кейін оны қайта тігу қажет емес. Тек тесілген жерге йод қана жағылады екен. Ғалым қой ұрықтандырумен 2003 жылдан бері айналысып келе жатқанын жеткізді.

«2003 жылдан 2010 жылға дейін жылына шамамен 100 бас қойды ұрықтандырдым. 2000 жылы бізде етті бағыттағы қойларды көбейту, өндіру жөнінде бағдарлама болды. Соның аясында маған америкалықтар грант арқылы лапароскоп алып берді және 2 мың доза ұрық жіберді. Кеңес заманында қойларды қолдан ұрықтандыру жиі болатын. Бірақ лапароскопиялық әдістің тиімділігі сол, ұрық жатырдың ішіне түседі. Қазіргі кезде асыл тұқымды қой өсіретіндер осы әдісті көптеп қолдануда»,- деді Нұрлан Ықыласұлы.

Бұл әдіспен қой ұрықтандыру құны нарықта шамамен  3 мың теңге екен. Ал 11 жылдан бері етті бағытта қой өсіріп жүрген Алмасбек Садырбаев лапароскопиялық әдіс өте тиімді екенін айтады.


«Мәселен, шет елден біз асыл тұқымды қошқардың мұздатылған  ұрығын жеткіземіз. Ал қойдың өзін ол жақтан алып келу өте қымбатқа түседі. Сондықтан осы әдіс біз үшін тиімді. Біз 11 жыл ішінде кішкентай шаруашылықтан бастап, қазір агрохолдинг болдық. Бастапқыда бізде 93 қой  болған. Қазір 2,5 мың асыл тұқымды шопан ата төлін өсіріп отырған шаруашылыққа айналдық. Оның ішінде 1900 бас - саулық, 600 бас - таза асыл тұқымды қошқарлар. Біздің негізгі тұқымымыз - гемпшир және суффолк, немесе қазақи тез жетілетін қошқар. Мен сол тұқымның негізгі авторларының бірімін. Оның тұқым болып бекітіліп шыққанына бес жылдың көлемі болды. Тек етті бағытта ғана жұмыс істейміз, өйткені әлемге тамақ керек», - дейді А. Садырбаев.
null  

Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің  директоры Еркебұлан Ахметов асылтұқымды қой өсіретіндерге мемлекеттен қанша субсидия берілетінін жеткізді.

 «Асылдандыру жұмыстарын жүргізуге барынша қолдау көрсетеміз. Біз, мысалы, қазір асылтұқымды қошқарларды пайдаланып, тұқымды түрлендірумен айналысып жатқан тауарлы шаруашылықтарға, асыл тұқымды шаруашылықтарға әр аналық басына 2,5 мың теңгеден субсидия беріп жатырмыз», -деді  Еркебұлан Ахметов. 
null  

Асыл тұқымды қой өсірумен айналысып жүрген Алмасбек Садырбаев қазіргі заманда  «қойшымын» деп айтуға ұялмауы керек дейді. Оның сөзінше, дәл осы қой шаруашылығына мемлекеттен қолдау ерекше артып келе жатыр.

null null  

Соңғы жаңалықтар