Қоянды су қоймасының аумағынан 19 тонна қоқыс жиналды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Қоянды су қоймасының аумағынан 19 тонна қоқыс шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Сенбілікке 6 ұйымнан 80 адам қатысты. Олардың қатарында «Мемлекеттік күзет қызметінің» әскери қызметшілері, «Эко Полигон Астаны» ЖШС, «Clean City NC» ЖШС, «ЖасНұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорны» МКҚК және «Арғын Строй 2015» ЖШС кәсіпорындарының өкілдері бар.

Нұр-Сұлтан қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының мәліметінше, нәтижесінде 19 тонна қалдық жиналып, полигонға шығарылды.

Іс-шара жұрт назарын қоршаған ортаның ластану мәселесіне, табиғатты сақтау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына аударуға бағытталды.






Фото: gov.kz


Соңғы жаңалықтар