Қоян-қолтық ұрыстан əлем чемпиондары елге оралды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалықтар қоян-қолтық ұрыс бойынша өткен əлем біріншілігінде жеңіске жеткен жерлестері Зарина Қанафина мен жүлдегерлері Регина Максимова, Гүлнұр  Мырзатаева жəне Мəди Əлиəкпаровты қуанышпен қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша,  Көкшетау теміржол вокзалында чемпиондарды жанкүйерлері, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері, жаттықтырушылары, туыстары мен достары құшақ жая қарсы алған. Зарина Қанафина, Регина Максимова, Гүлнұр  Мырзатаева жəне Мəди Əлиəкпаровпен бірге, олардың жаттықтырушылары Бекзат Баймұратов, Аслан Зейноллаев, Жаслан Жантасов және Дархан Қасымов келді.

«Мен жеңіске жеткен кезде қатты толқыдым. Өзіме өзім сенген жоқпын. Сол кездегі сезімімді ауызбен жеткізу мүмкін емес. Бұған əрине, баршаңыздың қосқан үлестеріңіз зор", деп өзінің қуанышымен бөлісті Зарина Қанафина.

Еске сала кетейік, жақында Ресейдің Тула қаласында  Ресей, Қазақстан, Беларусь, Грузия, Армения, Румыния, Әзербайжан, Чехия, Германия тәрізді әлемнің 37 елінен жиналған 18 жасқа дейінгі 300 ұл мен қыз және 21 жасқа дейінгі жастар арасында қоян-қолтық ұрыстан əлем біріншілігі өтті. Жеңімпаздар 47 салмақ бойынша анықталды. Қазақстан құрамасы сапында Ақмола облыстық балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің түлектері болды. Оның ішінде 65 келі салмақта сынға түскен Зарина Қанафина жарыс иелері Ресей және Иран елінің спортшыларын тізе бүктіріп, әлем чемпионы атанса, Регина Максимова (60 кг) Гүлнұр Мырзатаева (50 кг) және Мәди Әлиақпаров (36 кг) қола жүлдегер атанды. Бұдан бөлек Регина Максимоваға жеңіске деген жігері үшін арнайы кубок тапсырылды.

null 

Соңғы жаңалықтар