+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Қой етін саудалау үшін жаңа нарықтар керек - АШМ

2019 жылғы 13 наурыз 13:30
Бөлісіңіз:
Қой етін саудалау үшін жаңа нарықтар керек - АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрлігі Иранға экспорттың артуына байланысты Қазақстанда қой еті бойынша тапшылық болмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Иран немесе басқа да елдерге ет өнімдері экспортының артуы Қазақстанның ішкі нарығында етке деген тапшылықты туындатуы мүмкін бе?» деген сауал қойды.

Өз кезегінде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев қой еті бойынша ішкі нарықта проблема жоқ екенін атап өтті.

«Қой еті бойынша ішкі нарықты толығымен қаматамасыз етіп отырмыз. Керісінше, бізге бүгінде жаңа нарық керек, оның бірі қой етін экспорттауға қатысты. Өткен жылы қабылданған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, бізде алдағы 10 жылда мал шаруашылығы өнімін көбейту жоспарланып отыр», - деді вице-министр.

Осы орайда, қой еті елімізде артығымен өндірілгеннен кейін, оның бағасы бірқалыпты екенін атап өтті.

«Ал ірі қара мал етіне тоқталсақ, бүгінде толық мониторинг жүргізудеміз. Бұл бағытта да проблема болмайды деп есептейміз», - деді Ерлан Нысанбаев.

Бұл мәселеде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин еліміздің ішкі нарығында ет өнімдері бойынша тапшылық болмауы керектігін, сондай-ақ ет бағасы бойынша проблеманың туындауына жол бермеу қажеттігін қадап айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан тауарларын Иранға экспорттау жеңілдейді. Осы орайда Мәжілісінің жалпы отырысында «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

2018 жылы Иранға Қазақстан 2 200 тонна қой етін экспорттады.

Айта кетейік, жақында Ақмола облысы еттің алғашқы партиясын Иран Ислам Республикасына бағыттады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT