Котто мен Альварес жекпе-жегіндегі гонорарлар көлемі белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com мәліметтеріне сәйкес, 25 жастағы мексикандық боксшы Сауль «Канело» Альварестің (45-1-1, 32 КО) 21 қарашада өтетін жекпе-жегінің кепілдендірілген гонорары бес миллион долларды құрайды. Оның қарсыласы, 34 жастағы Мигель Котто (40-4,33 КО) жекпе-жектің өзі үшін ғана 15 миллион доллар алады.

Табысты ақылы көрсетілім жағдайында екі боксшы да сондай-ақ НВО-дан қосымша пайыз алса, Альвареске оған қоса Мексикадағы көрсетілімнен түскен пайыздар беріледі.

Кеше Альварес пен Котто салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Еске салайық, Котто мен Альварестің арасындағы жекпе-жек 21 қарашада Лас-Вегаста өтеді. Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман егер пуэрторикандық Мигель Котто мексикандық Сауль Альваресті жеңсе, қазақстандық Геннадий Головкин орта салмақ бойынша WBC жаңа чемпионы атанатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар