Қосымша бак орнатылған көліктердің ел аумағына кіруіне тыйым салынбақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан қосымша бак орнатылған көліктердің ел аумағына кіруіне тыйым салмақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта министрлік жанар-жағармай материалдары саласын тұрақтандыруға бағытталған іс-шараларды әзірледі. Оның ішінде бензин мен дизель отынына бағаларды мемлекеттік реттеуді белгілеу, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу бойынша тиісті бұйрықтар қабылданды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, бүгінде АИ-80 маркалы бензин литріне 89 теңге, АИ-92 мен АИ93 маркалы бензин литріне 182 теңге, АИ-95 маркалы бензин литріне 215 теңге және дизель отыны (литріне 230-260 теңге болып белгіленді.

«Министрлік Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы көрші елдермен салыстырғанда бағалардың бірдей болмауына байланысты жанар-жағармай материалдары ағындарына бақылау жүргізу бойынша қосымша іс-шаралар ретінде мыналарды ұсынады: өздігінен орнатылған бактары бар көліктің кіруіне тыйым салу; транзиттік көлікпен тәулігіне 1 реттен артық өтуді шектеу; кейбір мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттық кеден бажын төлемей темір жол көлігімен тиеп-жөнелтуге тыйым салу; уәкілетті органдар тарапынан шекараларда мұнай өнімдерін автокөлікпен әкетуге тыйым салуды бақылауды күшейту автожанармай құю станцияларында импорттық отынға сараланған баға белгілеу мүмкіндігі; көктемгі дала жұмыстары үшін дизель отынын жеткізу рәсімдерін нақты регламенттеу; бензиндер мен дизель отынын қоспағанда, мұнай өнімдері мен жартылай фабрикаттарға экспорттық кедендік бажды мұнайдың экспорттық кедендік бажының деңгейінен төмен емес ұлғайту мүмкіндігін қарастыру», - деді Болат Ақшолақов.


Соңғы жаңалықтар