Қосылған құн салығын қайтару туралы шешім Қазақстаннан Қытайға газ жеткізуді белсендіреді - Б.Шаяхметов

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстаннан Қытайға газды тасымалдауда қосылған құн салығын қайтару туралы шешім екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі дамуын ынталандырады. Бұл туралы Қытай астанасында қазақстандық-қытайлық ынтымақтастық комитетінің энергетика саласындағы ынтымақтастығы бойынша кіші комитетінің 8-ші отырысының барысында «Азия газ құбыры» ЖШС-нің директоры Бейімбет Шаяхметов хабарлады.

«Бізде үш жыл бойы шешімін таппай жүрген бір мәселе - ҚҚС-ын қайтару мәселесі болды. Ұзақбай Сүлейменұлының (Қарабалин - ҚазАқпарат) осы отырыс алдында, алдыңғы күні заңға Президентіміздің «Азия газ құбыры» ЖШС-іне бюджетке салынған барлық ҚКС-ын қайтаруға мүмкіндік беретін өзгерістерді енгізуге қол қойғаны туралы сөздерін қайталап айтқым келеді», - деді ол.

Б.Шаяхметов алдағы жылдың қаңтар айында компанияның құрылғанына 7 жыл толатынын еске салды. «Бүгінде біз 100 млрд. текше метр газды екі желі бойынша тасымалдадық. Бүгін атап өтілгендей, үшінші желі құрылысы аяқталды, 2015 жылдың ішінде 8 компрессорлық стансаның құрылысын аяқтаймыз. Сізді барлық қабылданған шешімдердің аясында газ құбыры жұмысының тұрақтылығы мен қауіпсіздігі - біздің басымдығымыз екеніне сендіргім келеді», - деп атап өтті ол. «Қазақстан Үкіметіне (Энергетика министрлігі мен Қаржы министрлігі), «Азия газ құбыры» ЖШС-іне ҚҚС-ын қайтару туралы мәселені шешуде күш салғаны үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бұл біздің ынтымақтастығымыздың одан әрі дамуына пайдасын тигізеді», - деді Даму және реформалар комитеті төрағасының орынбасары - ҚХР мемлекеттік энергетика басқармасының төрағасы У.Синьсюн. Энергетика саласындағы ынтымақтастық бойынша қазақстандық-қытайлық кіші комитеттің тең төрағасы, ҚР Энергетика министрілігінің бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин осы шешімнің арқасында «инвестор алаңдамай жұмыс істеп, өзінің ҚҚС-ының қайтарылатынын білетінін» атап өтті.

Соңғы жаңалықтар