Қостанайлықтарға аязға байланысты қаладан шықпауға кеңес берілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында қатты аязға байланысты дизельдік көліктер үшін тас жолы жабылып, мектептерде сабақ беру тоқтатылды. Ауруханаларға үсік шалған науқастар келіп түсуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Таңертең облыс орталығында ауа температурасы -38 градусты көрсеткен. Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдегендей, «ауа райының қолайсыздығы салдарынан дизельдік жанармай қолданатын көліктер үшін облыстық және республикалық жолдар жабылды. Қалған тұрғындарға қатты қажеттілік болмаса, қаладан шықпауға кеңес берілді».

Қостанай облыстық білім беру бөлімі мектептегі сабақтардың барлығын тоқтату туралы хабарлама таратты. Қалалық аурухананың травматологиялық пунктіне үсік шалған екі адам келіп түсті. Травматологиялық бөлімнің меңгерушісі Марал Әбілқасымованың айтуынша, зардап шеккендер алкогольдік ішімдік пайдаланған, 2-3 дәрежедегі үсік шалды деген диагноз қойылды.

 

Соңғы жаңалықтар