Қостанайлықтарды қорқытқан нысанның не екені белгілі болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлықтарды алаңдатқан аспандағы белгісіз нысан туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі ресми хабарлама жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Тұрғындар 26 қыркүйек күні әлеуметтік желідегі «Типичный Костанай» парақшасына аспанда ұшқан нысанның суретін жариялады. Осы күні кешке «Капустин Яр» полигонынан «Тополь» құрлықаралық баллистикалық зымыранының сынақ түрінде ұшырылғаны хабарланған. Расында да бұл құбылыс ресейлік зымыран ұшырылған соң пайда болыпты.

«Баллистикалық зымырандардың ұшырылуы жөнінде қазақстандықтарға алдын ала ақпарат тарату мүмкін емес. Бұл Ресей Федерациясы қарулы күштерінің жеке құзырындағы шаруа. Қандай да бір шабуыл немесе мемлекеттік шекара ережелерін бұзу әрекеті емес», - делінген ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар