Қостанайлықтар «Нұрлы жер» арқылы коттедж кілтіне ие болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында мемлекеттік бағдарлама арқылы салынған бірнеше үй тапсырылды, деп хабарлайды.

null
Коттедждер Қостанайдың іргесіндегі Заречный кентінде орналасқан. Жаңа баспанаға ие болған 14 үй иесін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова құттықтады. Коттедж кілтіне ие болғандардың 10-ы тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары. Жер телімін алуға кезекте тұрған аймақ тұрғындары қуаныштарын жасырмады.
null 

«Жұбайым екеуміз 11 жыл бойы жер телімін алу үшін кезекте тұрдық. Екі баламыз бар. Бізді шақырып, жермен бірге дайын үйді де алуды ұсынған кезде, бірден келістік. Құрылыс жұмыстарын үнемі бақылап отырдық. Барлығы сапалы жасалды. Осындай мүмкіндік жасап отырған Елбасына алғысымыз шексіз, - деп әсерімен бөлісті банк салымшысы Динара Ерғазина.
null 

Тұрғындарға аумағы 90 және 110 шаршы метр болатын бір және екі қабатты үйлер бұйырып отыр. Жер телімінен үміткерлер өздеріне тиесілі 10 сотық жерде мемлекеттік тегін рәсімдеді, ал сол жерде тұрғызылған үйді 1 шаршы метрін 115 000 теңгеден сатып алды. Бұл ретте жер иелері тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жүгінген.
null 

«Банк салымшыларға жылдығы 5% болатын заем берді. Сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан ипотекалық компаниясы төлеген мемлекеттік субсидияның арқасында төмендетілді. Несие рәсімдеу үшін ТҮҚЖБ депозитінде үй құнының кем дегенде 30%-ын қажет болды. «Нұрлы жер» бағдарламасының жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған пилоттық бағытының аясында мемлекет салымшыларға тиесілі 10 сотық жерді ғана беріп қоймай, сол жер телімінде жеке тұрғын үй салуға да көмектесті. Барлығы да шетелдік үлгіде салынған», - деді банктің облыстық филиалы директорының орынбасары Дәурен Есенбеков.
null 

Жыл соңына дейін Қостанай облысында тағы 60 үй пайдалануға беріледі. Келесі жылы коттедж үйлердің құрылысы жалғасады. Жалпы алғанда, бұл аумақта 270 нысан бой көтереді деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар