Қостанайлықтар мемқызметтерді смс-хабарламалар арқылы алады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қостанай қаласында халыққа қызмет көрсететін цифрлық орталығы мемлекеттік қызметтердің берілу аясын кеңейтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат орталық директорының орынбасары Руслан Қалмұратовқа сілтеме жасап.

Республикадағы төртінші ХҚО Қостанай облысында ашылғанын хабарлағанбыз. Бұл жерде азаматтар мемлекеттік қызметтерді өздігінше, оператордың көмегінсіз ала алады.

Жалпы Қазақстанда мемқызмет реестрінде 741 қызмет түрі тіркелген. Оның 598-ін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алуға болады. Ал 454 қызмет электронды үкімет порталында қолжетімді.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының шеңберінде біз тұрғындардың мемлекеттік қызметтерге өздігінен қол жеткізуге үйрете бастадық. Бұл жұмыс кезең-кезеңімен жүзеге асады. Қызметтердің дені электронды цифрлы қолтаңба арқылы алынады. Мұнан бөлек 40-тан астам қызметке ұялы телефон арқылы қол жеткізуге болады. Нақтырақ айтқанда, қажетті мәліметке ие болғыңыз келсе, өтінім жасайсыз. Содан соң  телефоныңызға бір реттік құпиясөз түседі. Құжат алудың екінші әдісі смс-хабарламалар арқылы жүзеге асады», - деді ХҚО директорының орынбасары Руслан Қалмұратов. 

Қызметтерді egovkzbot телеграмм боты арқылы да алу тиімді әрі жылдам. Өткен 10 айда мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалы азаматтарға 1291038 қызмет көрсетсе, оның 626206-сы - электронды. Сондай-ақ, 234685 электронды цифрлы қолтаңба берілді.

Айта кетейік, жаңадан ашылған ХҚО-да цифрлық сауаттылықты арттыруға арналған оқу бөлмесі жабдықталған.

Соңғы жаңалықтар