Қостанайлықтар 1 мамырды ұлттық нақышта тойламақшы

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Биыл қостанайлықтар 1 мамырды этно-жәрмеңке, қала тұрғындарының қатысуымен квест және этно-концертпен атап өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәстүр бойынша таңертеңнен бастап Қостанай қаласының орталығында ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылады. Мұнда облыстағы этномәдени бірлестіктердің ұйымдастыруымен этно-жәрмеңке де ұйымдастырылады.

Қостанай қаласының орталығында сағат 11.00-де барлығы «Көктем, достық, бір халық» концерттік бағдарламасын тамашалай алады.
Түске қарай қала тұрғындарының көптен күткен этноквесті өтеді. Квест аясында 7 учаскеде 7 команда қазақстандықтардың төл мәдениетінің дәстүрлі элементтерін көрсетеді. Түскі астан кейін сағат 14:00-де қостанайлықтардың кезекті «Ethnomixs» атты концерттік бағдарламасы болады, онда заманауи өңдеудегі ұлттық музыкалық нөмірлер көрсетіледі.
Сондай-ақ мереке күні Қостанай жағалауында Достық аллеясының бойына ағаш отырғызу жоспарлануда

Соңғы жаңалықтар