Қостанайлық жастар «ECO-сhallenge» акциясын бастады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында «ECO-challenge Qostanai» экологиялық акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жітіқара, Қамысты, Денисов аудандарын қамтыған шара бүгін Таран ауданында жалғасты.

Таран ауданындағы Әйет ауылының белсенді жастары қолдарына тырма мен полиэтилен пакеттерін алып, ауылға кіреберістегі көпірге қарай бағыт алды. Көктем келісімен Әйет өзенінің жағалауында бірнеше рет сенбіліктер өткізілгенімен, адам санының аздығы қоқыстан жүз пайыз құтылуға мүмкіндік бермеді. Міне, араға апта салып игілікті іске 500-ге жуық мектеп пен колледж шәкірттері, жас мамандар мен еріктілер атсалысып отыр.

«Бір сағатқа жетер-жетпес уақытта өзеннің қос жағалауынан ондаған пакет қоқыс жиналды. Айнала жып-жинақы, әрі тап-таза күйге енді. Өзіміз өмір сүріп жатқан сүйікті ауылымызды өзіміз тазартпасақ, сырттан келіп ешкім жинап бермейді. Акцияның әрбір қатысушысы осыны жақсы біледі, түсінеді. Бір жағынан, таза ауада жұмыс істеу денсаулыққа да пайдалы», - дейді тазалық жаршыларының бірі Жания Шөптібай.

Осындай челлендж Лисаков қаласында да өтті. Қала тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер, жұмысшылар және барлық ерікті топ қала ішінен 6,5 тонна қоқыс жинады. Олар 14 шақырымды жүріп өтті.

Айта кетейік, экологиялық жобаның қорытындысы Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресей жастарының ынтамақтастық форумында шығарылады.

Соңғы жаңалықтар