Қостанайлық зейнеткер қоймаға ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Таран ауданының тұрғыны Болат Жаманкөзов қоймадан металл заттарын ұрлап жатқан күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Таран ауылының Тәуелсіздік көшесінде болған. Ауыл тұрғыны, зейнеткер Болат Жаманкөзов қоймадан металл заттарын ұрлап әкетіп бара жатқан ер адамды көреді.

«Болат Жаманкөзов күдіктіні тоқтатқанымен, ол қашып кетпек болды. Бірақ, зейнеткер қырағылық танытып, ұрының құтылып кетуіне жол бермеді», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Зейнеткер темір ұрламақ болған күдіктіні тәртіп сақшыларына тапсырды. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша ҚР ҚК 187-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Таран аудандық полиция бөлімі ұрыны қолға түсірген зейнеткерге алғыс жариялады.

Соңғы жаңалықтар