Қостанайлық ұрлаған көлігін иесіне қайтарды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының тұрғыны ұрлап кеткен автокөлігін заңды иесіне қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға облыс орталығында болған. Қала тұрғыны Б. аулада тұрған «Газ 322132» автокөлігін ұрлап кеткен. Ол осылайша жәбірленуші Д.-ға 400 мың теңге шығын келтірді.

«Сот медиация тәртібін қолданды. Б. ұрлап кеткен автокөлігін заңды иесіне қайтарып берген. Қостанай қаласы №2 сотының қаулысымен ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша Б.-ға қатысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылды және ҚР ҚК 68-бабының 1-бөлігі негізінде ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Ол шығынды толығымен өтеді», - дейді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар