Қостанайлық тұрғыннан 17 млн теңге бопсалаған азамат қолға түсті

None
Фото: polisia.kz
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай полицейлері тұрғыннан 17 млн теңге бопсалаған азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам полицияға жүгініп, алты ай ішінде одан тұрақты негізде ақша бопсаланғаны жайлы мәлімдеді. Қостанай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалаушыны анықтады. Ол бұрын істі болған 29 жастағы азамат болып шықты.

«Тергеу барысында оның 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында күш қолданып, қорқытып жәбірленушіге тиесілі 17 млн теңгесін иемденгені анықталды», – деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов.

Жедел-тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында күдікті анықталып ұсталды. Одан қару-жарақ пен есірткі тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктінің өзге қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар