Қостанайлық тұрғын көршісінің атынан 36 нысанға бомба қойылғаны туралы хабарлаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көршісінің атынан 36 нысанға бомба қойылғаны туралы хабарлама таратқан қостанайлықтың ісі сотқа жолданды. Бұл туралы ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары Спартак Қабденов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылы наурызда Көліктегі полиция департаменті Қостанай облысының қызметкерлерімен бірлесіп өңір тұрғынын ұстады. Ол Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы 36 нысанның электрондық пошталарына жалған хабар жолдаған. Аталған қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды. Күдікті бұл теріс әрекетке көршісімен дауласқаннан кейін барған. Соның атынан хабарлама жіберген», - деді ол министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Сондай ақ, ол Атырау облысында да мектеп оқушысы сабақты үзу үшін мектептің электрондық поштасына хабарлама жолдағанын атап өтті.

Жалпы, өткен жылы терроризм актісі туралы 73 көрнеу жалған хабар тіркелсе, биылғы 5 айда ғана қылмыстық істердің саны 72-ге жетіп отыр.


Соңғы жаңалықтар