+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Қостанайлық теміржолшы пойыз апатының алдын алды

2018 жылғы 21 желтоқсан 16:32
Бөлісіңіз:
Қостанайлық теміржолшы пойыз апатының алдын алды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай вагондарды пайдалану депосы Құсмұрын станциясының тексерушісі Сергей Потибенко жүк вагонының ақауын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол вагонның бүйір рамасына жарықшақ түскенін анықтады. Вагонның бүйір рамасына түскен жарықшақ қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, айтарлықтай зардаптарға алып келер еді.

Салада 30 жылдай жұмыс істеп келе жатқан теміржолшы Сергей Потибенконың айтуынша, оның жұмысы пойыз қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты.

«Тексеру кезінде біз арбалардың «екпініне», рычагтық берілістің сықырлауына ерекше назар аударамыз. Серіппе жинағын, қос дөңгелектің біртегіс сырғуын және өзге де жайттарды бағалаймыз. Тәжірибе арқылы ерекше машық қалыптасады. Біз дыбыс арқылы вагонның техникалық «денсаулығын» анықтай аламыз», - деп атап кетті С.Потибенко.

Жарықшақ пайда болған бүйір рамасы 2013 жылы Кременчуг құрыш құю зауытында әзірленген. Вагон иесі - «Трансфин-М» ЖАҚ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT