Қостанайлық темекі тұқылын тастағаны үшін қамалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласы мамандандырылған әкмшілік соты темекі тұқылын бейсауат тастаған қала тұрғынына қатысты істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қостанай облысы тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен қозғалған істі қарады. Қостанайлық дәл осындай тәртіп бұзушылыққа бір жылда екінші рет барып отыр.  Сондықтан да оған қатаң жазаға кесіліп отыр. Ол бір тәулікке қамауға алынды», - деді прокурор Әсел Жақыпова.

Айта кетейік, облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі үш күн бойы «Тәртіпсіздікке және құқық бұзушылыққа нөлдік шыдамдылық» атты республикалық акциясын өткізген болатын. Нәтижесінде, қоғамдық орынды ластаған 102 бұзақы әкімшілік жауапқа тартылды.

Тәртіп сақшылары қоғамдық орында темекі қалдығын тастап, ортақ пайдалану орнын ластаған бұзақылар қатаң жазаға тартылатынын ескертеді.

Соңғы жаңалықтар