Қостанайлық тәртіп сақшысы қылмыс үстінде ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласы ІІБ Солтүстік полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің қызметкері пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстық департаментіне сілтеме жасап.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 6 желтоқсанда Қостанай қаласы ІІБ Солтүстік полиция бөлімінің қызметкері Е. азамат С.-дан 400 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды. Полицей ұрлық бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін ақша алғаны анықталды», - деп хабарлады аталған ведомство.

Сондай-ақ, тәртіп сақшысының кінәсін толықтай мойындауы және тергеумен жұмыс істеуге келісім беруі себепті ҚР ҚПК 128-бабы бойынша бұлтартпау шарасы қолданылмады.

Соңғы жаңалықтар