Қостанайлық танымал спортшы кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Рудный қаласының соты кикбоксингтен спорт шеберін қамауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол қылмыстық құқық бұзушылық туралы ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша айыпталуда.

Қайғылы оқиға Рудный қаласының туған күнінде болған. 20 тамыз күні түнгі бірде «Горняк» мәдени ойын-сауық кешенінде күдікті 21 жастағы жігітке қол жұмсайды.

«Күдікті жігіттің басынан қолымен ұрады. Оған бас сүйек-мидің жабық жарақаты, самайдың сол жақ бөлігінің сынуы, мидың мылжалануы сияқты дене жарақаттарын салады. Денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген» - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Жәбірленуші 23 тамыз күні Рудный қаласы ауруханасының жан сақтау бөлімінде қайтыс болды. Күдікті - кикбоксингтен ҚР құрамасының негізгі мүшесі, спорт шебері, Қостанай облысы құрамасының капитаны. Оның есімі әзірге айтылмайды.

Заңға сәйкес, жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер үшін сегіз жылдан он екі жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар