Қостанайлық студент туған күнінде алғашқы сайлауында дауыс берді

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің 1-курс студенті Алмас Өміртай туған күнінде сайлауға қатысып, таңдау жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қазақстан азаматтары таңғы 07:00-ден бастап кезекті ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауға дауыс беруде.

Қостанай облысында сайлаушылардың арасында жастардың белсенділігі байқалады.

Солардың қатарында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті «Журналистика» мамандығының 1-курс студенті Алмас Өміртай да бар.

Бүгін Алмас 18 жасқа толып, алғаш рет сайлауға қатысып отыр.

«Қостанай қаласының №115 мектебінде орналасқан №20 сайлау учаскесінде таңдауымды жасадым. Елдегі коронавирус пандемиясына қарамастан әр азамат елдің болашағы үшін сайлау учаскелеріне келуі тиіс. Себебі әрқайсымыздың таңдауымыз – елдің ертеңі. Мен дұрыс таңдау жасадым деп ойлаймын. Бұған қоса туған күніме дөп келген осы Парламент сайлауы менің есімді мәңгі сақталады. Әрине, бастапқыда қобалжу болды, кейін жауапкершілікті сезініп, маңызды қадам жасадым», - дейді студент.


Соңғы жаңалықтар