Қостанайлық шенеунік алған парасының 30 еселенген сомасын төлейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімінің орынбасарына пара алғаны үшін жаза тағайындалды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай облысы Федоров ауданы әкімінің орынбасары В. Сошниковке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын. Қазіргі таңда аталған лауазымды тұлғаға қатысты Қостанай облысының Федоров аудандық сотының үкімі күшіне енді. В. Сошников заңсыз іс-әрекет үшін пара алу фактісі бойынша кінәлі деп танылды және параның 30 еселеген сомасы көлеміндегі 4,5 млн теңге сома айыппұл салынды», - делінген Агенттік мәліметінде.

Атап айтқанда, ол мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекет үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдарда, сондай-ақ ұлттық компанияларда әрі холдингтерде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Бұдан бұрын ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар