Қостанайлық шенеунік актіге қол қою үшін 2 млн теңге пара алған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Қостанай облысы сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша алдыңғы орындарда тұрғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы 2 аптада Қостанай облысында бірқатар сыбайлас жемқорлық фактілері анықталды. Бұрын біз атап өткендей, биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Ұлттық бюромен Қостанай облысында 109 сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелді. Бұл облыс ұқсас құқық бұзушылықтардың ең көп саны тіркелген үштіктің қатарына кіреді», - деп тоқталды ресми өкіл Астанада өткен брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары парақорлық қылмысы бойынша күдікке ілінді. 2018 жылғы маусым айында мемлекеттік мекеме бір жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен 55 млн теңге сомадағы 6 планетарлық сканерлерді сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарт жасағандығы анықталды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесімен мемлекеттік мекеме басшысының орынбасарымен жеткізілген тауар үшін төлем жасау барысында жалпы қамқорлығы үшін 300 000 теңгені алу фактісі тіркелді. Белгілі болғандай, жеткізілген планетарлық сканерлердің техникалық сипаттамаға сәйкес келмеу фактісі анықталған.

Бұдан бөлек, биылғы қыркүйек айының соңында Ұлттық бюро Қостанай облысы бойынша департаментімен «Қостанай облыстық әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің техникалық қадағалау бөлімінің басшысы қылмыс үстінде ұсталды. Ол ұзақтығы 71 километр  «Қостанай ауданындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу» нысаны бойынша атқарылған жұмыстар актісіне қол қою үшін бір ЖШС директорынан делдал арқылы 2 млн 950 мың теңге пара алғандығы үшін күдікке ілінді.

Мұнымен қоса, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай қалалық аумақтық инспекциясының басшысы тарапынан құқыққа қайшы әрекеттер анықталды. Мемлекеттік мекеме басшысы ауылшаруашылық өнімдерін экспорт және импорттеумен айналысатын кәсіпкерлердің мүдделерін лоббилендіру бойынша күдіктелуде.

«Ол кәсіпкерлерге рұқсат беру құжаттары мен сәйкестік сертификаттарын заңсыз  рәсімдеген. Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде»,- деді Ж. Бастарова.

Соңғы жаңалықтар