Қостанайлық серіктестік көпбалалы анаға пәтер алып берді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат- Бүгін, халықаралық отбасы күні «Агрохолдинг «Астық индустриясы» ЖШС Қарабалық ауданында көпбалалы анаға үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарабалық ауылының тұрғыны Айнагүл Тайыпованың төрт баласы бар. Үлкені - он жаста, кішісіне - бір жарым жыл. Ол осы уақытқа дейін 30 000 теңгеге пәтер жалдап тұрған. Енді отбасы күні Қарабалық орталығындағы абаттандырылған пәтерге ие болды.

«Пәтерге газ, ыстық және суық су кіріп тұр. Балалар да риза. Олардың өз бөлмелері болады. Аулада бау-бақша егуге мүмкіндік жасалған»,- дейді пәтер иесі.

Айнагүл Тайыпова ауылдың қоғамдық жұмыстарына үнемі қатысады. Қазір аспаздық білім алып жатыр. Ал 1 сәуірден бастап Айнагүл атаулы әлеуметтік көмек пен балаларға арналған жәрдемақыны тұрақты түрде алады.
null

Көпбалалы анаға пәтер кілтін «Агрохолдинг «Астық индустриясы» ЖШС директорының орынбасары Нұрболат Құткужаев табыс етті. Оның сөзінше, бүгінде жергілікті билік пен бизнес сектордың арасында ынтымақтастық қалыптасқан.

Соңғы жаңалықтар