Қостанайлық полицейлер жанып жатқан жүк көлігін сөндірді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық ІІД қызметкерлері жол үстінде отқа оранған жүк көлігін сөндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласының тұрғыны Ташполат Хасанов Қостанай облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне хабарласты. Ондағы мақсаты - өзін келеңсіздіктен құтқарған жол-патрульдік полициясы батальонының қызметкерлері аға сержанттар Берік Байкенов пен Арман Жолмағамбетовке алғысын білдіру.

Белгілі болғандай, Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тасжолында қырғызстандық Ташполат Хасанов тізгіндеген жүк көлігі тіркемесінің артқы дөңгелегі өртенген. Абырой болғанда бір бағытта жолдары түйіскен полицейлер отқа орана бастаған тіркемені сөндіруге кіріскен.null 

«Егер полицейлер болмағанда мұның бәрі қалай аяқталарын кім білсін. Жақын маңайда елді мекен болған жоқ, тек сіздердің жігіттеріңіз көмектесті. Мен бұл елден емеспін, сондықтан қандай да бір жәрдем шақыруға телефоным желі ауламайды», - дейді көлік жүргізушісі.

Тәртіп сақшылары өрт шалған фураны көре салысымен тас жолдағы қозғалысқа уақытша шектеу қойған. Өткен-кеткен көлік жүргізушілерінен қосымша өрт сөндіргіштер алып, соның арқасында тілсіз жауды тұмшалау мүмкін болды. Жүргізушілер де өртпен арпалысқан полицейлерге көмектескен. Тәртіп сақшылары қырғызстандықтың көлігінің дөңгелегін ауыстыруға да жәрдем көрсетіпті.  Берік пен Арман мұндай жағдайға бірінші рет тап болғанын айтты. Ал Ташполат облыстық ІІД басшылығынан аталған қызметкерлерді ерекше атап өтуді өтініп отыр.

Соңғы жаңалықтар