Қостанайлық полицейлер жанып жатқан үйден зейнеткерлерді құтқарып қалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Сарыкөл ауданының тәртіп сақшылары зейнеткерлерді өрттен аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 18 шілде күні Сарыкөл ауылында болған. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Александр Ильяшов пен полиция майоры Әнуар Омаров автопатрульдеу барысында Тәуелсіздік көшесі бойындағы жеке секторда өрт шыққанын байқайды. Тәртіп сақшылары бұл туралы полиция бөлімінің кезекшісіне және өрт сөндіру бөліміне хабарлаған. Содан кейін полиция қызметкерлері тез арада жер үйге бет алады, бұл кезде шаруашылық құрылыстары өртеніп, түтін аула мен көрші үйлерді тараған.


«Полиция қызметкерлері үйге кіріп, есінен танып қалған 68 жастағы Владимир Чирковты көрген. Зейнеткерді далаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін жедел жәрдем машинасымен қарт кісіні Сарыкөл ауданының орталық ауруханасына жеткізді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары үйден 76 жастағы үй иесі Галина Зименконы да аман алып шықты», - дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Кенже Қонысбай.

Алдын ала мәлеметтер бойынша өрт құрғақ шөптің жануынан шыққан. Өз кезегінде жергілікті тұрғындар жеделдік пен батылдық танытқан полицейлерге ризашылық білдіріп, Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетовке алғыс хат жолдады.


Соңғы жаңалықтар