Қостанайлық полицейлер жанып жатқан үйден 5 адамды құтқарды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Сарыкөл аудандық полиция қызметкерлері өрттен отбасын құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Кеше түнгі сағат 01:30-дар шамасында полиция сержанты Диас Құсымбаев пен полиция аға сержанты Александр Ильяшов көшеде патрульдеу кезінде жеке үйдің шатыры жанып жатқанын көреді. Оқиға туралы дереу кезекші бөлімге хабарлады. Олар жедел түрде өрт шыққан үйге жетті. Өрт сөндірушілер келгенше полицейлер 2 ересек адам мен 3 баланы пәтерден алып шықты», - деді баспасөз қызметінің маманы Айгүл Балғабаева.
Тәртіп сақшылары жанып жатқан үйден құнды заттар, құжаттар және басқа да мүліктерді оқшау жерге көшірді. Мамандар өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шықты деп болжап отыр.
- Алматы орталығында жатақхана өртеніп, бір адам ажал құшты
- Ақтауда жаттығу кезінде 23 жастағы спортшы қаза тапты
- Футбол: «Тобылдың» бас бапкері тағайындалды
- Түркістанда мұғалімді ұстап әкеткен полицей қызметінен шеттетілді
-
Ақтауда теңіз жағасынан үлкен игуана табылды
-
Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері тапаншамен қаруланған бозбаланы ұстады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам