Қостанайлық полицейлер жалғыз адамды жабылып ұрған он бұзақыны ұстады

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанайда 34 жастағы ер адамды ұрып-соғып, тонап кеткен 10 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 21 қараша күні облыс орталығында болды. Жәбірленуші «102 « нөміріне қоңырау шалып, көмек сұраған.
«Жәбірленуші жаяу патрульдеу полициясының қызметкерлеріне болған оқиға туралы хабарлады. Оны бейтаныс адамдар ұрып-соғып, 20 мың теңге ақшасы мен велосипедін тартып алған. Патрульдік полиция инспекторлары Байбол Жансүгіров пен Жандос Тайшенов дереу жедел орталыққа қоңырау шалып, күдіктілердің тұрған жерін анықтауды сұрады. Содан кейін полиция зардап шеккендермен бірге келесі көшеде күдіктілерді тапты.
Полиция қызметкерлері бір топ жастарға жақындап, олардың мас болғанын байқаған. Осы кезде жәбірленуші олардың екеуін таныды.
Жастар тәртіп сақшыларының заңды талаптарына агрессивті түрде жауап берді. Инспектор Жансүгіров қосымша күш шақырып, жедел топ келгенге дейін оларды ұстап тұрды», делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігімен (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
- Петропавл тұрғыны интернет-алаяқтарға алданып, 1 млн теңгесінен айырылды
- Ақтөбеде алаяқтық жасады деген күдікпен екі әйел іздестіріліп жатыр
- Аязда далада қалған жүргізуші құтқарылды - Қостанай облысы
- Елорда тұрғыны бір сауда үйінен 6 рет ұрлық жасаған
-
Елордада ауладағы көлікті эвакуаторға тиеп, ұрлап кеткен
-
Атырауда қайыршылықты кәсіп еткен 814 адам жазаланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам