+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Қостанайлық полицейлер тұрғындарды жолда қабылдады

2019 жылғы 18 қазан 21:45
Бөлісіңіз:
Қостанайлық полицейлер тұрғындарды жолда қабылдады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында жыл басынан бері 1887 адам тыныштықты бұзғаны үшін жауапқа тартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Сын сағатта ерлік көрсеткен полицейлер жайлы не білеміз Полиция жұмысының стандарттары мен алгоритмдері қайта қаралып жатыр - ІІМ Шымкентте қылмыстық топ құрған полиция басшылары сотталды

Жаңа форматта өткен «Жолда қабылдау» акциясы аясында Қостанай облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нығмет Исмагулов алдымен журналистер сауалына жауап берді. Полиция полковнигі Денсаулық сақтау министрлігінің сағат 20:00-ден 09:00-ге дейін тыныштықты бұзғаны үшін жаза белгілеу туралы ұсынысына түсініктеме берді. Оның айтуынша, сағат 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін тыныштықты бұзғандар әкімшілік кодекстің 437-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл өтейді. Егер тәртіп бұзу фактісі екінші рет қайталанса, 10 АЕК шамасында айыппұл төлейді.

«Қостанай облысында жыл басынан бері тыныштықты бұзғаны үшін 1887 адам жауапқа тартылған. Мұндай тәртіп бұзушылықтардың дені Қостанай қаласында тіркелген. Әрине, көпшілігі заңмен белгіленген уақыттан бұрын да өтініш білдіреді. Бұл жалға берілетін пәтерлердегі жағдайларға қатысты», - деп түсіндірді полиция полковнигі.

Нығмет Исмагулов полицейлер тұрғын үй секторының жанындағы кафе иелеріне қатысты шаралар қолданатынын атап өтті.

«Желі пайдаланушылары тіпті кір жуғыш машинаның шуы тыныштықты бұзады деп есептейді. Санитарлық-эпидемиологиялық станция осындай фактілер бойынша өтініш білдірген кезде шудың рұқсат етілген деңгейін белгілейді және егер ол нормадан жоғары болса, полиция әкімшілік жауапкершілікке тартады», - дейді Қостанай облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Андрей Григоревский.

Егер мұндай норма қабылданса және азаматтар қолдау көрсетсе, онда полицейлер құқық аясында жұмыс істейтін болады.

Айта кету керек, бұл жолы «Жолда қабылдау» жаңа форматта өтуде. Азаматтарды қабылдау «Nur Otan» партиясының филиалдарында және полицияның фронт-кеңселерінде ұйымдастырылған.

«Жолда қабылдау» жұмысының алғашқы сағаттарында облыс бойынша 100-ден астам азамат жүгінді. Ведомстволық желілерде тікелей эфирдегі сұрақтарға жауап берілді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT