Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.29 EUR 426.40
RUB 5.93 CNY 56.58
Jańalyqtar

Қостанайлық полицейлер тұрғындардан қару сатып алуға 3 млн теңге жұмсады

2019 жылғы 16 сәуір 18:49 224
Бөлісіңіз:
Қостанайлық полицейлер тұрғындардан қару сатып алуға 3 млн теңге жұмсады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының полиция департаменті тұрғындардан 65 дана қару сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Заңсыз сақталған қару-жарақты полицияға өткізіп, төлемақы алуға болады Қазақстан Беларусьпен бірлесіп қарудың жаңа түрлерін шығармақ

2019 жылдың 10 сәуірінен бастап полиция департаменті облыс тұрғындарынан атыс қаруын, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды сатып алуды бастады. Акция ережесі бойынша, қару қабылдау әрбір аумақтық полиция органдары бөліністерінде жүргізіледі. Бүгінге дейін өз еркімен қару тапсыру жөнінде 50 өтініш түскен.

«Тұрғындардан 65 дана қару сатып алынды. Оның ішінде 3 кесік, 5 тегіс ұңғылы мылтық болса, 54-і - оқ-дәрілер. Акцияны өткізу үшін республикалық бюджеттен біздің облысқа 3 млн 225 мың теңге бөлінді. Жалпы ел бойынша 11 млн 168 мың теңге қарастырылған. Облыста қаруды сатып алуға бөлінген қаражат толығымен игерілді»,- делінген полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Ведомстводан мәлім еткендей, өз еркімен қару тапсырған адамдар әрбір қару-жарақ немесе оқ-дәрі үшін 10-нан 100 АЕК дейін ақшалай сыйақы алды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қостанай облысы, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT