Қостанайлық полицейлер тұрғындардан қару сатып алады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық тәртіп сақшылары өз еркімен қару тапсырған тұрғындарға сыйақы тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай қаласы ішкі істер басқармасына сілтеме жасап.

«2019 жылдың 10 сәуірінен бастап, полиция департаменті облыс тұрғындарынан атыс қаруын, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды сатып алуды бастайды. Акция ережесі бойынша, қару қабылдау әрбір аумақтық полиция органдары бөліністерінде жүргізілетін болады. Сонымен қатар, тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған түлғалар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады», - делінген ішкі істер басқармасы таратқан баспасөз хабарламасында.

Ведомствода мәлім етілгендей, өз еркімен қару тапсырған адамдар әрбір қару-жарақ немесе оқ-дәрі үшін 10-нан 100 АЕК дейін ақшалай сыйақы алады.

Полиция тұрғындарды акцияға белсене қатысуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар