Қостанайлық полицейлер көпірден секіріп кетпек болған қызды құтқарып қалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық тәртіп сақшылары көпірден секіріп кетпек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ІІД жол-патрулдік полиция батальонының қызметкерлері Нұрлан Қазығұртов пен Ілияс Қазбаев облыс орталығындағы Үлкен көпір үстімен өтіп бара жатып, көпір таянышында тұрған қызды көреді.

«Полицейлер қызға білдіртпей, бірден оның қолынан ұстап алды. Қыз көпірден секіріп кете алмады. Ол қалалық ішкі істер бөліміне жеткізілді», - деді  облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Жәбірленушінің жасы - 34-те. Оның өз-өзіне қол салуға оқталуына не себеп болғанын тергеу шаралары анықтайды.

Соңғы жаңалықтар