Қостанайлық полицейлер көпбалалы отбасыны Наурыз мерекесімен құттықтады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Ұзынкөл ауданының полицейлері көпбалалы отбасын Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурыз - қамқорлық айы. Ұзынкөл ауданының полицейлері осы қағидаттан айнымай, көпбалалы Лебедевтер отбасын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап шықты.

null «Бұл үйдің 4 баласын әжесі мен әкесі бағып отыр. Кішісі бір жастан енді асты. Тұрмыс жағдайларына байланысты анасы балаларын тастап, басқа ауылға кетіп қалған. Сол себепті осы отбасын қамқорлығымызға алдық», - дейді ұзынкөлдік полицейлер.null

Тәртіп сақшылары бұл жолы балаларға ет асып, бауырсақ пісіріп әкелді. Сонымен қатар, олар ауыл ішінде тігілген киіз үйлерге соғып, қазақтың ұлттық тағамдарын таратты.null

Ұзынкөл ауданында мерекеге орай ұлттық спорт ойындарынан жарыстар өткізілді. Жастар қазақтың салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетіп, концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар