Қостанайлық полицейлер интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда интернет алаяқтығы фактілері көбейген. Бұл туралы полиция департаментінде өткен брифинг барысында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, қылмыстардың дені әлеуметтік желі мен түрлі жарнамалық сайттар арқылы сатылатын тауарлар мен қызмет түрлеріне қатысты.

«19 жастағы қала тұрғыны «Инстаграм» желісі арқылы 11 000 теңге көлеміндегі спорт киіміне тапсырыс берген. Алайда, сол күйі өзіне тиесілі тауарға қол жеткізбеген. Жәбірленушінің онлайн-несие жүйесі арқылы төлем жасағаны мәлім болды. Биыл осыған ұқсас 49 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелген», - дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, өңірде «Пәтер» профилактикалық шарасы барысында 12 пәтер ұрлығының беті ашылды.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Полицейлер интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады. Себебі, күннен күнге жаңа технологиялар арқылы ғаламтордың көмегімен сауда жасайтындар саны артып келеді. Бірақ, адамдар алданып қалғанын білмей қалады. Сондай-ақ, өзінің жеке басына қатысты мәліметтерді таратпауға, күдікті деген сайттарға жібермеу және онлайн сауда жасау барысында барынша ұқыпты болуды ескертеді.

Соңғы жаңалықтар